Сәйгүлік

Песня "Сәйгүлік" с аккордами для гитары.

Добавить в сборник
Табылды Досымов – Сәйгүлік

    Am
1.Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген, 
                                      Dm
Үйіме үнсіз тұңжырап қайғырып келем. 
                                                E
Талықсып жатып содан соң кетемін ұйықтап, 
                                            Am
Ұйықтап кетсем түсімде сәйгүлік көрем...

Қайырмасы:
Dm
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Am
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Dm                                                Am
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
E                                                                  Am
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

2.Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай. 
—Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?!
Аңсау бар жанда ес - түссіз! —Тым - тым алыста
Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ......

3.Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау. 
–Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..

{youtube}nypHaZo3XXg{/youtube}

Расскажи всем! не жалей аккордов :)

Похожие песни под гитару: